$461.39 €534.75 ₽5.45
×

«Әділет» партиясының өкілдері Қостанайда еңбек ұжымдарымен кездесті

«Әділет» партиясының өкілдері Қостанайда еңбек ұжымдарымен кездесті

Қостанайда «Әділет» партиясының өкілдері ірі кәсіпорындардың  ұжымымен кездесіп, әлеуметтік мәселелерді талқылады. «KIA Qazaqstan» зауыты алаңында республикалық сайлауалды штаб өкілдері отандық автоөнеркәсіп пен білікті кадрларды даярлау мәселелерін көтерді. Әсіресе, кәсіби-бағдарланған оқыту, дуальді білім беру мен жұмысшы мамандықтарға басты назар аударылды. Кездесуде мүгедектігі бар адамдарды жеңілдетілген дәрі-дәрмекпен және қолжетімді көлікпен қамтамасыз ету тақырыбы да қозғалды. Мемлекеттік басқару, экономика мен әлеуметтік салада цифрландыру мен жасанды интеллектті қолдану мәселесі де күн тәртібінен түспеді. Қостанайдағы бағдарлама «Милх» ЖШС жұмысшыларымен кездесумен аяқталды. Мұнда отандық сүт өнеркәсібін қолдау, өндірушілердің шығындарын азайту және қайта өңдеуді дамыту туралы сөз болды.

ҚАНЫШ ТӨЛЕУШИН, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ^

Біздің бірінші мақсатымыз - осы Әділет партиясының бағдарламасына өндіріске және экономика дамуына көзделген шаралар туралы айту. Және де осы зауытта істеп жатқан жұмыскерлердің дұрыстап тыңдап, олардың ұсыныстарын  естіп, жинап қана қоймай, осы ұсыныстарды әрі қарай пайдаланып, бекітіп, олармен әрі қарай жұмыс жасау. Сол біздің - мақсатымыз.