$461.39 €534.75 ₽5.45
×

Respublica кандидаттары еңбек ұжымдары және жастармен кездесті

AstanaTV
17.08.2026ж. 19:00
Respublica кандидаттары еңбек ұжымдары және жастармен кездесті

Respublica партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Көкшетауда еңбек ұжымдарымен кездесті. Ашық форматтағы жүздесуде жұмысшылар тегін медициналық көмек, халықты әлеуметтік қорғау мәселелерін көтерді. Отандық тауар өндірушілерін қолдау, өнімді сыртқы нарыққа шығаруға қатысты ұсыныстар да талқыланды. Бұдан бөлек, кандидаттар өңірдің белсенді жастарымен жүздесіп, сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Кездесу барысында жастар көкейде жүрген сауалдарын қойып, кандидаттармен пікір алмасты.

ОЛЖАС ҚҰСПЕКОВ, RESPUBLICA ПАРТИЯСЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ:

Жастардың жалпы енді қай заманда болсын барлығының бір сұрағы грант мәселесі, жатақханамен қамту мәселелері, жұмыспен қамту мәселелері, тәжірибе өту мәселелері, олардың жанағы алып жатқан білімдерінің замандағы осы заманның талабына сай еңбек нарығына сай болуы, сұранысқа ие болуы барлық жастарды осы сұрақтар мазалайды.