$461.39 €534.75 ₽5.45
×

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері көбейеді

18.08.2026ж. 07:41
Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері көбейеді
Фото: pixabay

Қазақстан мен Түркия тұрақты әуе қатынасын кеңейту туралы жаңа меморандумға қол қойды.

Жаңа келісімге сәйкес:

Ыстамбұл мен Анкарадан Қазақстан қалаларына тұрақты рейстер саны аптасына 76-дан 138 рейске дейін ұлғаяды;

Анталья мен Бодрум бағытындағы туристік рейстер 44-тен 86 рейске дейін көбейеді;

Жалпы рұқсат етілген рейстер саны аптасына 120-дан 224 рейске дейін артады.

Сонымен қатар, тараптар үшінші елдерге аптасына 76 жүк рейсін орындауға және авиациялық қауіпсіздік, әуежай инфрақұрылымы мен саланы цифрландыру бағытында ынтымақтастықты күшейтуге келісті.