$462.22 €536.5 ₽5.43
×

«Aqyl Energy» ұлттық жобасы: Шымкентте смарт-есептегіштер орнатылуда

«Aqyl Energy» ұлттық жобасы: Шымкентте смарт-есептегіштер орнатылуда

Елімізде газ есептеу жүйесі цифрлық форматқа көшірілуде. «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы «Aqyl Energy» ұлттық жобасын іске асырып жатыр. Жоба аясында ел бойынша 1 миллион 350 мың жаңа смарт-есептегіш орнатылады. Жаңа жүйе мәліметтерді ешқандай бақылаушысыз, әр 24 сағат сайын орталық базаға автоматты түрде жолдайды. Осы жобаның іске асырылу барысын «QazaqGaz»компаниясының басқарма төрағасы Әлібек Жамауов тексерді.

«Aqyl Energy» жобасы екі кезеңді қамтиды. Қазір жобаның бірінші кезеңінде Шымкент қаласында және Түркістан, Қызылорда облыстарында мердігерлік тәсілмен іске асырылуда. Үш өңірде 455 мыңға жуық газды есепке алу интеллектуалды аспаптарын орнату көзделген. Ақылды газ есепгіштерді ауыстыру процесі қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен  «QazaqGaz» басқарма төрағасы Әлібек Жамауовқа  таныстырылды.

ҚАНАТ МЫҢБАЕВ, «QAZAQGAZ AIMAQ» ШӨФ ТҰРМЫСТЫҚ ГАЗ ЕСЕПТЕУІШ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Адами факторлар болмайды. Келіп контролер показание алмайды. Барлық мәліметті есептегіш құрал әр 24 сағат сайын жіберіп отырады біздің база данныхқа. Бірінші мақсат – цифрландыру, қазіргі заман талабына сай. Президентіміздің өзі де айтып отыр цифрландыру керек деп. Сол мақсатта «QazaqGaz Aimaq» осы жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Қайнарбұлақ тұрғын алабында заманауи есептеуіш құралдарын алмастыру жұмыстары соңғы бір айдан бері жүргізілуде. Мұнда алты мыңнан астам тұтынушы бар. Соның 4 мыңдайы ақылды есептеуішке алмастырылған. 

СЕГІЗБАЙ ӨСКЕНБАЕВ, ҚАЙНАРБҰЛАҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ ОРАМ БАСШЫСЫ:

Қазір тікелей, 1 тиын артық, 1 тиын кем төлемейміз мына электронный арқылы. Бұл деген енді заман талабы. «QazaqGaz Aimaq» мекемесі арада үлкен алтын көпір болып тұр электронды жүйе деген. Енді ешқайсысы барып кассада төлемейді, бәрі телефон арқылы төленіп жатыр. Бұл үлкен мүмкіндік халыққа, көптің уақытын алмайды. 

Ал екінші кезең шеңберінде яғни 2027-2029 жылдар аралығында 900 мың газды ақылды есепке алу құрылғысын орната отырып, еліміздің өзге өңірлеріне де масштабтау көзделген. Жобаның жалпы көлемі -1,35 млн интеллектуалды газ есептеу аспабы.

Шымкентте табиғи газ тұтынатын 144 мың жеке үй бар. Соның әзірге 80 мыңдайына замануи есептегіш орнатылған. Жыл соңына дейін тағы 31 мыңнан астам үйді қосу қарастырылып отыр.