$462.22 €536.5 ₽5.43
×

Қазақстанда автобус пен таксиге сұраныс артты

Қазақстанда автобус пен таксиге сұраныс артты
Фото: Арман Мухатов

Қазақстандықтар қоғамдық көлік пен таксиді жиірек пайдалана бастады

2026 жылдың қаңтар–шілде айларында автомобиль және қалалық электр көлігімен 1,1 млрд жолаушытасымалданды. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,6%-ға артық. Көлік кәсіпорындарының жолаушылар тасымалынан түскен табысы осы кезеңде 303,1 млрд теңгеге жетіп, 13,9%-ға өсті.

Табыстың негізгі бөлігі қандай?

Нақты мәндегі өсім 6,1%-дықұрады. Табыстың негізгі бөлігін автобустар мен такси қамтамасыз етті. Автобуспен тасымалдау 192 млрд теңге табысәкелді.. Бұл бір жылда 15,5%-ғакөп. Нақты мәнде табыс 11,6%-ға өсті.Такси қызметі 101 млрд теңге тауып, номиналды табысын 10,5%-ға арттырды. Алайда бағаның өзгеруін ескергенде, бұл сегменттің нақты табысы, керісінше, 3,2%-ға қысқарды.

Сонымен қатар такси жолаушыларының саны көбейді - 88,8 млн адам, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 3,2%-ға артық. Яғни, сапарлар санының өсуі әзірге таксистердің нақты табысының артуына әсер етіп жатқан жоқ. Автобустар негізгі жолаушылар көлігі болып қала береді: жеті айда олар 971,7 млнадамды немесе автомобиль және қалалық электр көлігі жолаушыларының шамамен90%-ын тасымалдады.

Қай өңірде жолаушылар көп?

Жолаушылар ең көп тасымалданған өңірлер -Алматы (267,5 млн адам) және Астана (188,3 млн).Осы екі қалаға барлық жолаушы ағынының шамамен 41%-ы тиесілі. Бұл ретте такси қызметі айтарлықтай қымбаттап жатыр. Шілде айында қалалық такси бағасы бір жылда 13,4%-ға өссе,қалалық автобустардағы жол жүру ақысы 3,3%-ға қымбаттады.

Жалпы алғанда, жолаушылар ағыны бірнеше жылдан бері өсіп келеді. 2022 жылғы қаңтар–шілдемен салыстырғанда ол 41,2%-ға - 786 миллионнан 1,1 млрд сапарғадейін өсті. Алайда өсу қарқыны бәсеңдеді: егер 2023-2025 жылдары бұл көрсеткіш жылына шамамен 9-11% болса, қазір 5%-дан аз.