$456.88 €534.64 ₽5.47
×

Жаңаөзендегі Болашақ сарайында 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда

AstanaTV
21.08.2026ж. 19:00
Жаңаөзендегі Болашақ сарайында 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында заманауи үлгідегі Оқушылар сарайы жыл басынан бері жұмыс істеп тұр. Жалпы аумағы 3 мың шаршы метрден асатын нысан бір күнде 1500-ге дейін баланы қабылдай алады. Бұл жобаны Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы  жүзеге асырды.

Жаңаөзендегі жаңа Оқушылар сарайы жас ұрпақтың ғылым мен білімге деген қызығушылығын арттыруда. Олар бос уақытын тиімді өткізіп, өз қабілетін дамытуға мүмкіндік алды. Мұнда шығармашылықтан бастап ғылым мен жоғары технологияға дейінгі түрлі бағыт қамтылған. Балалар робот техникасы, бағдарламалау, 2D/3D модельдеу, шет тілдері, шахмат, вокал және қолөнерді меңгере алады.

МҰЗАФФАР ДҮСЕНБАЙ, ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осы роботты 20 минутта жасадым. Мен қазірден дайындалып жатырмын осында. Болашақта өскен соң инженер боламын.

САФИЯ НҰРНИЯЗ, ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қолөнер үйірмесіне келгеніме 1 ай болды. 1 ай уақыт ішінде 2 сумка тоқып үлгердім. Маған бұл қолөнер үйірмесі қатты ұнайды. Бұл жақта көптеген достар таптым.

Болашақ сарайында жуырда жаңартылатын энергия көздері, қолданбалы және жаратылыстану ғылымдарына баулитын заманауи зертханалар мен арнайы кабинеттер ғана емес, телестудия, бейнелеу өнері және хореография студиялары, ағаш шеберханалары да ашылмақ.

РАМАЗАН ОРАЗБАЕВ, «БОЛАШАҚ САРАЙЫ» МЕКЕМЕСІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫСЫ:

Бірнеше үйірмелер ашылу жоспарда бар. Өз жұмыстарын бастайды. классикалық және халықтық музыкалық аспаптар, тігін, дизайн үйңрмесі, мультимедиа үйірмесі және халықтық аспаптар домбыра, классикалық  аспаптар. Виа группа құруда алдағы уақытта жоспарда бар.

Қазір Оқушылар үйінде 400 бала түрлі үйірмеге қатысады. Ал нысанның мүмкіндігі бұдан үш есе көп баланы қамтуға жетеді. Оқу жылы басталған соң қатысушылар саны артып, жаңа бағыттар бойынша сабақтар іске қосылмақ.