$456.88 €534.64 ₽5.47
×

Халықаралық байқаушылар сайлауға дайындық барысымен танысты

AstanaTV
21.08.2026ж. 19:00
Халықаралық байқаушылар сайлауға дайындық барысымен танысты

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы шет елдерден және халықаралық ұйымдардан келген байқаушылармен кездесті. Басқосуда саяси науқанға дайындық барысы, сайлау жүйесіндегі өзгерістер және квоталау тәртібі талқыланды. Халықаралық байқаушылар сайлау учаскелерінде дауыс беру процесін бақылайды. Жалпы сайлауда 42 елден 777 халықаралық байқаушы болады. Оның 617-сі 13 халықаралық ұйымның атынан келген.

СЕРГЕЙ ПОСПЕЛОВ, ҰҚШҰ ПАРЛАМЕНТТІК АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ:

Біз Қазақстандағы сайлау үдерісіне қатысты ақпараттандыру жұмысының жаңа деңгейге көтерілгенін байқап отырмыз. Бүгінде азаматтарға ақпарат жеткізудің дәстүрлі тәсілдерімен қатар, жасанды интеллект технологиялары, түрлі қосымшалар мен мессенджерлер де кеңінен қолданылып келеді. Бұл, біздің ойымызша, сайлаушыларды ақпараттандырудың тиімділігін арттырып, азаматтардың сайлау процесіне қатысуына оң әсер етеді.