$456.88 €534.64 ₽5.47
×

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының қорытынды форумы өтті

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының қорытынды форумы өтті

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы қорытынды форумын өткізді. Жиында үгіт-насихат жұмыстары мен атқарылған іс-шаралардың қорытындысы шығарылды. Сондай-ақ, партияның саяси және әлеуметтік-экономикалық бағдарламасының негізгі қаулылары көпшілікке ұсынылды. Форумға партия көшбасшылары мен белсенді мүшелері қатысты. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан депутаттыққа үміткерлер өз ұстанымдарын жеткізді. Олар партияның басым бағыттарын баяндап, қоғам белсенділері, сарапшылар мен БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Осылайша партияның сайлауалды науқаны қорытындыланды.

МАҚСҰТ НАСИБУЛОВ, ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ СОЦИАЛ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Сайлауалды кампаниясы басталғалы бері «Халықтық телефон» жобасын, «Болашақ құрылтайға хат жолдау» жобасын енгізген болатынбыз. Оның ішінде 800 қоңырау шалынды бізге, 1700-ден астам хат жолданды. Ертең енді тыныштық күні, сол күні сараптап анализ жасайтын боламыз мына халықтан, сайлаушыдан қандай ұсыныс келді.