Қазақстан Халық партиясы үгіт-насихат науқанының қорытындысын шығарды. Бір ай ішінде кандидаттар мыңнан астам кездесу өткізіп, 100 мыңнан аса азаматпен тілдесіп үлгерген. Агитациялық жұмыстың негізгі бөлігі ауылдар мен моноқалаларда жүргізілді. Сайлауалды штаб өз міндетін 100 пайыз орындады, дейді саяси ұйым өкілдері.
ИРИНА СМИРНОВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Еліміздің 20 аймағында партиямыздың филиалдары бар. Олар үгіт-насихат науқанында ауқымды жұмыс атқарды. Тұрғындармен сұрақ-жауап алмасып, оларды толғандыратын мәселелерді анықтадық.