«Ақ Жол» демократиялық партиясының кандидаттары үгіт-насихат науқанының соңғы күнінде киелі Түркістанға барды. Партия өкілдері жиһаз зауытының ұжымымен кездесті. Жұмысшыларға саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, шағын және орта бизнеске жағдай жасау, жастарды тұрғын үймен қамту және жұмыссыздықты жою мәселесін талқылады. Сондай-ақ кездесуде еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы, денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігі, несие мөлшерлемелерін төмендету және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері талқыланды. Ашық диалог барысында кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Айта кетейік, «Ақ Жол» демократиялық партиясының өкілдері елдің барлық өңірінде сайлауалды кездесу өткізді, оған 150 мыңнан аса адам қатысқан.
ҚАЗЫБЕК ИСА, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ:
Экология мәселесінде айтып жатыр көптеген мәселелер. Одан мынау Шардара, Жетісай, Мақтаарал жақтарда су мәселесін де көтеріп жатыр. Сонымен қатар білім, жоғары білім мәселесі, руханият, мәдениеттің мәселесі, көптеген мәселелері бар. Олардың біраз бөлігін жазып, түйіп алдық.