Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа ғана Құрылтай сайлауы қарсаңында Қазақстан халқына үндеу жасады. Президент ел тарихындағы бір палаталы Құрылтай сайлауы ұлт тағдырына тікелей әсер ететін оқиға екенін атап өтті. Соңғы жылдары Қазақстан ауқымды саяси реформаларды жүзеге асырды. Бірлік, келісім, ынтымақты ту еткен халқымыз әділетті Қазақстанды құру ісінде зор жетістікке жетті. Еліміздің даму бағдары өзгеріп, халық конституциясын қабылдадық. Дегенмен атқаратын жұмыс әлі алда деді мемлекет басшысы.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Бұл сайлау ел тарихындағы ең татысты науқандардың бірі ретінде есте қалатыны анық. Партиялар салаушылармен кездесу кезінде сондай-ақ ақпараттық ағарту насихат, жалпы ұлттық теле дебаттар, әлеуметтік желідегі пікірталастар барысында өз бағдарламаларын кеңінен әрі дәлелді түрде таныстырды. Бір сөзбен азаматтарымыз партиялардың ел болашағына қатысты ұстанымын мұқият зерделеуге мүмкіндік алды. Саяси ұйымдардың экономикадан бастап, мәдениет саласына дейін қамтыған бастамаларын бағалап, бағамдады. Салеуалды науқан еліміздегі қоғамдық күн тәртібі өзгергенін, жасампаздық пен өркендеу идеясы мемлекет саясатының арқауына айналғанын айқын көрсетті.