$456.88 €534.64 ₽5.47
×

Мейрамхана өртенді

Мейрамхана өртенді
Фото скрин

Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында Тлендиев көшесінде мейрамхана ғимаратында өрт шықты.

Алғашқы өрт сөндіру есептері келген кезде ғимараттың барлық аумағында ашық жалын байқалды. Оқиға орнында ТЖМ күштері мен құралдары шақыртудың жоғары дәрежесі бойынша жұмыс жүргізуде.

ТЖМ бөлімшелері келген кезде мейрамханада келушілер болмаған.

Өртті сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері ғимараттан көлемі 50 және 27 литр болатын екі газ баллонын және көлемі 50 литр болатын бір оттегі баллонын алып шықты.

ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында өрттің көршілес ғимараттарға таралуына жол берілмеді.

112 пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.