Алматы облысының Жаңашар ауылында ерлер құрамасының жазғы Азия ойындарына дайындық кезеңіндегі бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр.
Жаттығу 1 қыркүйекке дейін жоспарланған. Қазақстан құрамасынан бөлек, Ирак, Қытай және Англия елдері де келді. Негізгі мақсат – спортшылардың арнайы дене дайындығына көңіл бөлу.
Жаттығу барысында Азия ойындарында кездесуі мүмкін қарсыластарға бейімделуге ерекше көңіл бөлініп, боксшылардың техникалық және тактикалық дайындығы жетілдіріледі.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының боксшылары Алматы облысындағы оқу-жаттығу жиынын аяқтағаннан кейін қыркүйек айының басында Жапонияға аттанады. Жазғы Азия ойындарына дайындықтың соңғы кезеңі сол елде өтеді.