Алдағы үш күнде Астанада күн салқындап, бұршақ пен дауыл күтілсе, Алматыда жаңбыр жауады. Ал Шымкентте қысқа мерзімді жауыннан кейін қайтадан ыстық ауа райы орнығады.
Елордада алдағы күндері жауын-шашын күшейіп, ауа температурасы төмендейді. 22 тамызда күн құбылмалы бұлтты болып, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы +9…+11°C, күндіз +24…+26°C аралығында болады. Желдің жылдамдығы 2–10 м/с.
23 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ пен дауыл соғуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +19…+21°C болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. 24 тамызда кей уақыттарда жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал. Түнде ауа температурасы +10…+12°C, күндіз +22…+24°C болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.