$456.88 €534.64 ₽5.47
×

Құрылтайдың құрамына 145 депутат кіреді

AstanaTV
23.08.2026ж. 08:00
Құрылтайдың құрамына 145 депутат кіреді

Қазақстандағы жаңа саяси институт – Құрылтайдың құрамына 145 депутат кіреді. Олардың өкілеттік мерзімі - 5 жыл. Депутаттар ел азаматтарының мүддесін білдіріп, заң шығару жұмысына қатысады. Ал кандидаттың жасы кемінде 25 жаста болуы керек. Сонымен қатар Қазақстан аумағында соңғы 10 жыл тұрақты тұруы тиіс. Сайлаушылар жеке кандидаттарға емес, сайлауға қатысатын саяси партияларға дауыс береді. Депутаттық мандаттар партиялардың сайлауда алған дауыстарына сәйкес бөлінеді. Құрылтай депутаттарын сайлауға 7 партия кандидаттарын ұсынды.