$456.88 €534.64 ₽5.47
×

Қызылорда облысында сайлаушылар үшін жасанды интеллект қосымшасы іске қосылды

Қызылорда облысында сайлаушылар үшін жасанды интеллект қосымшасы іске қосылды

Қызылорда облысында сайлаушылар үшін жасанды интеллект қосымшасы іске қосылды. Кез келген азамат сайлау учаскесінде немесе смартфон арқылы арнайы платформаға кіріп, өзіне қажетті мәліметін ала алады. Облыстық сайлау комиссиясының бастамасымен «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» атты онлайн платформа жасалған. Соның ішінде «Daryn АІ» қосымшасы аймақтағы барлық сайлау учаскелерінде қолданысқа енгізілді. Робот көмекші Құрылтай сайлауына қатысты сауалдарға жазбаша және дыбыстық түрде жауап береді.

АБАЙ ТАҒЫБЕРГЕН, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл барлық учаскелерде қолжетімді. Біз азаматтар үшін ыңғайлы платформаны телеграм арнасына да, мобильдік қосымша арқылы да қамтамасыз еткен болатынбыз. Қазіргі таңда 60 мыңнан аса азамат осы платформаның көмегімен өз учаскесін тапқан.

Облыс бойынша 500 мыңнан астам адам дауыс беру құқығына ие. Олар онлайн платформа арқылы өз сайлау учаскелерін, мекен-жайын нақтылай алады. Мұнан бөлек сайлау науқанына орай сall-орталықтар 24/7 режимінде жұмыс істеп жатыр. Әр аймақтан түскен қоңыраулар есепке алынып, мамандар сайлауға қатысты тұрғындар сауалына жауап береді.