$456.88 €534.64 ₽5.47
×

Ерлан Қошанов Құрылтай сайлауында дауыс берді

Ерлан Қошанов Құрылтай сайлауында дауыс берді
Фото: facebook.com

Бүгін Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов та өз таңдауын жасап, Астанадағы Қазақстан темір жолы ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді.

Дауыс бергеннен кейін Ерлан Қошанов бұл күннің ел үшін тарихи маңызы бар екенін айтып, өз парақшасында жазба жариялады.

Оның айтуынша, Құрылтай депутаттарын сайлау – халықтың кең қолдауына ие болған жаңа Конституцияны жүзеге асыруға бағытталған маңызды қадам. Сондай-ақ бұл Мемлекет басшысы жүргізіп отырған ауқымды реформалардың заңды нәтижесі екенін атап өтті.

«Адамдар таңертеңнен бастап белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Сайлауға отбасыларымен бірге келіп жатқандар көп. Бүкіл еліміз бойынша сайлаушылардың белсенділігі жоғары болады деп сенемін», – деп жазды Ерлан Қошанов.

Ол азаматтарды сайлау учаскелеріне келіп, өздерінің азаматтық парызын орындауға шақырды.

«Қуатты, Әділетті, Прогрессивті Қазақстанды бірге құрайық!» – деді Мәжіліс төрағасы.