Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков, министрліктің департамент жетекшісі және «Аймақ» деген мердігер компанияның басшысы, бірнеше тұлғаны ұстағандарын хабарлағаны мәлім. Ресми ақпаратта былай жазылған - Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазартуға бөлінген аса ірі көлемдегі бюджеттік қаражатты жымқырған.Төленген 3,6 млрд теңгенің 1 млрд. теңгесі қолма-қол алынған және жымқырылған. Ол қаражат тінту барысында табылған.Бұдан бөлек, 2018 жылы көлді тазартуға бөлінген 1,5 млрд теңгенің жымқырылуы тоқтатылды.
Ал енді Энергетика министрі не деді? -Ауыр соққы болды, дейді.
Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:
Біздің министрліктің вице-министрі мен департамент директоры қамауға алынды. Ол біздің министрлік үшін, ұжым үшін өте ауыр оқиға болды.
-Дегенмен, олардың кінәсі дәлелденсе, сіз отставкаға кетесізбе?
-Мен білмеймін, әлібілмеймін...
Ирактың мемлекеттік қызметшілерінің Қазақстанға келіп, мемлекеттік басқару, коррупцияға қарсы стратегияны іске асыру бойынша оқитыны туралы Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпарат еске түсе берді. Жұрт әлеуметтік желілерде жарамсыз аттар туралы мәтелді жазған...