Саясаттанушы Айдос Сарым «жаңа жылда отшашулар алып, қытайларды, 8-наурызда гүл импорттап голландтарды байыта түсеміз. Негізінде кез-келген мейрам ұлттық өнеркәсіпті, отандық ауыл шаруашылығын қолдауға сеп болуы керек. Мысалы, америкалықтар бата алу күнінде 40 млн күркетауық сояды», депті.
Ол рас. Дегенмен әрекет қылып жатқандар бар. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданындағы шаруа қожалығы 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында 50 мың дана раушан гүлін сатылымға шығарды!