$456.88 €534.64 ₽5.47
×

Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 72,15%-ы дауыс берді

Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 72,15%-ы дауыс берді
Фото: ҚР ОСК

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 18:00-дегі жағдай бойынша елімізде 9 095 298 сайлаушы бюллетень алған. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 72,15%-ын құрайды.

Өңірлер бойынша сайлаушылардың дауыс беруге қатысу көрсеткіші:

  • Астана қаласы – 49,87%;
  • Абай облысы – 77,54%;
  • Ақмола облысы – 78,95%;
  • Ақтөбе облысы – 84,95%;
  • Алматы облысы – 70,04%;
  • Атырау облысы – 69,05%;
  • Батыс Қазақстан облысы – 71,15%;
  • Жамбыл облысы – 83,99%;
  • Жетісу облысы – 89,69%;
  • Қарағанды облысы – 74,78%;
  • Қостанай облысы – 75,31%;
  • Қызылорда облысы – 88,09%;
  • Маңғыстау облысы – 70,61%;
  • Павлодар облысы – 69,99%;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 75,14%;
  • Түркістан облысы – 90,17%;
  • Ұлытау облысы – 68,23%;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 85,43%;
  • Алматы қаласы – 41,06%;
  • Шымкент қаласы – 71,89%.

Сондай-ақ сайлаушылар уақытша болатын орындардағы 548 учаскеде дауыс беру аяқталды.

Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 20:00-де жарияланады.