$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астана процесіне қатысушылар 16 наурызда кездеседі

AstanaTV
06.03.2018ж. 20:00
2047
Астана процесіне қатысушылар 16 наурызда кездеседі

Сирия келіссөзіне қатысушы кепілгер елдер 16 наурызда Астанада кездеседі. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Жиынға Ресей, Түркия, Иран сыртқы істер министрлері келеді. Онда бір жыл ішіндегі ынтымақтастықтың нәтижесі мен одан әрі жасалатын іс-қимылдар белгіленбек. Кездесуге БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Стеффан де Мистура шақыртылған. Ал байқаушылар мен сириялық тарап қатыспайды. 15 наурыз күні жұмыс тобының кездесуі жоспарланған. Олар тұтқындарды босату, мәйіттерді табыстау, іс-түзсіз жоғалғандарды іздеу ісін талқыға салады.

Ал осы уақытта АҚШ Мемлекеттік департаменті Сирияға салмақты айып тақты. Олар Шығыс Гуттаға жолданған гуманитарлық көмекті Сирия билігі ұрлап жатыр деп мәлімдеді. Баспасөз жетекшісі Хезер Науэрт Твиттердегі парақшасында "Мәскеу мен Дамаск бұған нүкте қою керек" деді.