$510.84 €579.7 ₽6.39
×

Cоңғы 5 жылда Қазақстанда 755 жихадшы райынан қайтқан

AstanaTV
06.03.2018ж. 20:00
2357
Cоңғы 5 жылда Қазақстанда 755 жихадшы райынан қайтқан

Соңғы бес жылда елде 755 жихадшы райынан қайтқан. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді. Бүгін Үкіметте терроризмге қарсы күреске арналған бесжылдық бағдарлама жобасы таныстырылды. Соңғы бес жылда елде ақпараттық түсіндіру жұмыстарымен 202 комиссия айналысқан. Барлығы 8,1 млн адам қамтылған. Нәтижесінде 755 «жихадшы» қалыпты жолға көшірілді. Сондай-ақ 38 террористік шабуылдың жолы кесілген. Шетелде күдікті діни білім беру мекемелерінен 384 студент елге қайтарылды.

Нұрғали Білісбеков, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары:

Жаңа бағдарлама аясында 80 іс-шараны орындау жоспарланған. Соның ішінде 35-сі арнайы сипатта. Оларды іске асыру үшін бес жылдың ішінде 270 млрд теңгеден астам қаржыны бөлу көзделіп отыр. Республикалық бюджеттен 209,3 млрд жергілікті бюджеттерден 60,7 млрд теңге бөлінеді.

Үгіс-насихат жұмыстарына қарамастан, Сириядан қайтқандар әлі де радикалды көзқарас ұстанады, дейді Білісбеков. Қазақстанға Сирия мен Ирактан 125 азамат қайта оралып, олардың 57-сі сотталды, қалғандары бақылауда көрінеді. Ал Интерфакс Ұжымдық қауіпсіздік келісімі шарты штабы өкілдері, Сириядағы лаңкестер қатарында Орта Азиядан шыққан үш мың содыр барын мәлімдеді, деп хабарлайды. Штаб жетекшісі Анатолий Сидоров күндердің күні ол лаңкестер өз еліне қайтуы мүмкін деп қауіптенеді.