Энергетика министрлігінің шенді шенеуніктерінің ұсталуы ауыр соққы болды. Парақорлықпен күдікке іліккен қоластындағы қызметкерлерге қатысты Энергетика министрі осылай деді. Тергеумен құқыққорғау органдары айналысып жатқандықтан, министр алып-қосары жоқ екенін айтты.
Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:
Біздің министрліктің вице-министрі мен департамент директоры қамауға алынды. Ол біздің министрлік үшін, комитет үшін, ұжым үшін өте ауыр оқиға болды. -Дегенмен, олардың кінәсі дәлелденсе, сіз отставкаға кетесіз бе? - Мен білмеймін, әлі білмеймін...
Ұлттық
бюро мәліметіне сүйенсек, Энергетика вице-министрі бастаған 5 адам
Шучинск-Бурабай курортты аймағындағы көлді тазарту үшін бөлінген қаражатты
жымқырған. Мамандар 1 миллиард теңгенің қолды болғанын анықтап, тінту кезінде
тапқан. Қазір тергеу жүріп жатыр.