Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Астанада 500-ден астам жас жұмыс іздеп жүр

AstanaTV
06.03.2018ж. 20:00
2815
Астанада 500-ден астам жас жұмыс іздеп жүр

Астанада 500-ден астам жас жұмыс іздеп жүр. Бұл туралы Жастар ресурстық орталығы бос орындар жәрмеңкесінде белгілі болды. Бүгін 40-тан астам компания 400-ге жуық жұмыс орынын ұсынды. Жастардың көбі оқу бітіргелі "екі қолға бір күрек" таппай жүр. Бірақ жәрмеңкені ұйымдастырған "Астана жастары" оқу орталығы келер жылы жұмыс іздеген қыз-жігіттердің санын екі есеге азайтамыз деп отыр.

Болысбек Мұхамеджан, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының директоры:

Бос жұмыс орындарының тізімін алып, өзіміз, база жастары бар, студенттер көп шоғырланған университет орындарына барып ұсынғымыз келеді. Осындай бос жұмыс орындары бар. Жұмысқа орналасқыларыңыз келсе, келіңіздер, қатысыңыздар деген сияқты.