Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылдың 23 тамызында өткен Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттары сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады.
Құрылтай сайлауында 71,17% дауыс жинаған «Әділет» партиясы сайлаушыларға алғыс айтты.
“Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауындағы дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады. «Әділет» партиясы 71,17% дауыс жинады. Бізге 6,5 миллионнан астам сайлаушы дауыс берді. Әрқайсыңызға көрсеткен сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз үшін алғыс айтамыз!” делінген партия мүшелерінің үндеуінде.