$457.99 €534.15 ₽5.47
×

Сатпаевтың дебюті: Британдық блогер жас шабуылшыны негізгі құрамға шығаруға шақырды

24.08.2026ж. 21:40
Сатпаевтың дебюті: Британдық блогер жас шабуылшыны негізгі құрамға шығаруға шақырды
фото: Aladop.kz

Британдық блогер Джош Пирсон Қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаевтың Англия Чемпионшипіндегі «Вест Бромвичке» қарсы дебюттік ойыны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Ол команданың бас бапкері Ники Хайенге 18 жасар форвардты келесі матчта негізгі құрамда шығаруды ұсынды.

Пирсон Сатпаевты Маркус Эдвардстың орнына шығару қажет деп санайды. Блогер Эдвардстың шабуылдағы шеберлігін жоғары бағалағанымен, оның допсыз ойынын қатты сынға алды. Оның пікірінше, Эдвардс доп жоқ кезде ойынға мүлдем араласпайтын Бенсонды еске түсіреді. 

«Вест Бромвичке» қарсы өткен бұл матч Сатпаев үшін «Бернли» сапындағы алғашқы ресми ойын болды. Кездесу қорытындысы бойынша «Бернли» қарсыласына 1:3 есебімен жол берді.