$457.99 €534.15 ₽5.47
×

Марқакөлде Қызыл кітапқа енген сирек гүлдер өседі

24.08.2026ж. 22:31
Марқакөлде Қызыл кітапқа енген сирек гүлдер өседі
фото: gov.kz

Марқакөл өңірінің өсімдіктер әлемі көз тартар әсемдігімен ғана емес, сирек кездесетін түрлерімен де ерекшеленеді, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Солардың бірі – Келлер поповнигі (Pyrethrum kelleri). Бұл Оңтүстік Алтайда ғана кездесетін реликті эндемик және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген аса сирек өсімдіктердің бірі.

d

– Келлер поповнигінің таралу аумағы өте шектеулі. Сондықтан табиғи популяциясын сақтау және оның өсетін ортасын қорғау ерекше маңызға ие, – делінген министрлік мәліметінде.

Марқакөл табиғатында кездесетін тағы бір ерекше өсімдік – ашық құндызшөп. Оны сон-трава деп те атайды. Күлгін түсті, сыртын нәзік түктер көмкерген бұл гүл көктем мезгілінде Марқакөл табиғатына ерекше реңк береді.

s

Сирек кездесетін өсімдіктерді сақтау үшін олардың табиғи мекен ету ортасын қорғау маңызды. Табиғат аясында мұндай гүлдерді жұлмай, өсімдіктер дүниесіне ұқыпты қарау қажет.