$457.99 €534.15 ₽5.47
×

«Әділет» партиясының өкілдері агитациялық материалдарды жинауды бастады

«Әділет» партиясының өкілдері агитациялық материалдарды жинауды бастады

«Әділет» партиясы сайлау алдындағы үгіт-насихат науқанын «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциямен түйіндеді. Саяси ұйымның өңірлік штабтары мен еріктілері еліміздің барлық аймағында көшелер мен қоғамдық орындарды агитациялық материалдардан тазарту жұмыстарын бастап кетті.

Бір айға созылған сайлау науқаны барысында «Әділет» партиясы 6,2 миллион дана агитациялық өнім таратқан болатын. Енді бұл баспа материалдары арнайы жиналып, сұрыптау арқылы қайта өңдеуге және қауіпсіз жоюға жіберіледі.

АРСЛАНБЕК МАҒЗҰМ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ АСТАНА ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің басты қағидаттарымыздың бірі – әділетті болу. Сондықтан да біз уәде бергендей, агитациялық жұмыстан кейін осы қалдықтарды, агитациялық материалдарды алып тастап жатырмыз. Жұмысқа біздің барлық еріктілеріміз қатысуда.

Шығыс Қазақстан облысында да партия мүшелері бұл іске белсене кірісті. Белсенділер арнайы тумбалармен шектелмей, қоғамдық көліктер мен тұрғындар жиі жиналатын орындардағы үгіт қағаздарын толық сыпырып алуды көздеп отыр..

ЭЛЬМИРА НҰРСЕЙІТОВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ШҚОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Таза Қазақстан акциясы аясында үгіт-насихат тазалау жұмыстарын жүргізетін боламыз. Облыс бойынша 467 рұқсат етілген орын бар. Соларды бүгінгі таңда облыс көлемінде  осы жұмыстарды жүргіземіз.

Ал Оралда партия өкілдері алғашқы аялдама ретінде орталық базар маңайын таңдаған. Дүңгіршектер мен бағаналардағы плакаттарды тазалау жұмысы алдағы бір-екі күнде толық бітеді.

ШҰҒЫЛА НҰРМҰХАНОВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ БҚОФ КОНСУЛЬТАНТЫ:

Осы уақыт аралығында жасалған үгіт-насихат жұмыстарының материалдарын жинау, аумақты тазарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осы Әділет партиясының "Таза Қазақстан" бағдарламасын қолдаудың нақты көрінісі деп есептейміз. Тек қана осы үгіт-насихат жұмыстары аяқталғанымен, біздің жауапкершілігіміз әлі аяқталған жоқ. Әділетті сөзбен емес, дәлелдегенді ғана көрсетеді. Барлығыңызды "Таза Қазақстанды" сақтауға, тазалық жұмыстарын жүргізуге бәріңізді шақырамыз.

Партия өкілдері саяси мәдениет пен азаматтық жауапкершілік ең алдымен қоршаған ортаға ұқыпты қараудан басталатынын атап өтті.