$458.87 €535.09 ₽5.42
×

«Кімде-кім Иранмен байланысынан бас тартпаса, доллар арқылы сауда жүргізу құқығынан айырылып, аштан қырылады», - АҚШ қаржы министрі

«Кімде-кім Иранмен байланысынан бас тартпаса, доллар арқылы сауда жүргізу құқығынан айырылып, аштан қырылады», - АҚШ қаржы министрі

Кімде-кім Иранмен байланысынан бас тартпаса, доллар арқылы сауда жүргізу құқығынан айырылып, аштан қырылады. АҚШ қаржы министрлігі елге қарсы енгізілген санкцияларды толық жариялады. Трамп оттай бермесін. Біз одан қорқады деп ойласа, қателеседі. Канада билігі АҚШ Президентіне қарсыласуға дайын екендігін жеткізді. Сириядан лаңкенсм-мемлекет деген айып алынып тасталды. Енді 13 жыл қанды қырғын болмаған мемлекетке АҚШ инвестициялары ағылмақ. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Бұл санкция Иранды күйретеді. Ал, кімде-кім Иранмен сауда жасауын тоқтатпаса, алапат санкцияға ұшырап, доллар айналымынан айырылады. Бұл дегеніміз халықаралық нарыққа шыға алмай, халқы аштан қырылады. АҚШ Қаржы министрі – Скотт Бессент кешегі мәлімдемесін толықтырды. Ведомство басшысының мәліметінше, бұл АҚШ әскерінің 1944-і жылы Германияға жасаған десанттық шабуылы – Оверлорд операциясымен бірдей қадам, яғни «Д күні».

СКОТТ БЕССЕНТ, АҚШ ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

47 жыл бойында Иран арпалысқан санкциялар әншейін қалжың, ойыншық. Бізбен ойнайын деген жексұрындарға нағыз санкцияның көкесін көрсетейін деп жатырмыз. Оның мәні, Иранмен сауда жасаймын деген мемлекет, ұйым, компания – барлығы жазаланады. Бір цент транзакцияны көрсек, ешкім жалтара алмайды. Бүгін, тарихта екінші рет «Д күні» қайталанды. Баяғыда жағаға десант түсірсек, бүгін экономикалық сакнция енгіздік.

Трамп Канада жерін жаулап алмақ. Бірақ, Канада билігі оңайлықпен беріспейтінін айтты. Даудың басы, екі ел шекарасындағы Ұлы көлдердің бірі. Онтарио көлін Трамп Америка көлі деп атап, бүкіл жағасын тартып алу туралы өз әлеуметтік желісіне жазған. Бұл дау АҚШ-Канада сауда тарифтері басталмай тұрып та болды. Бірер жыл бұрын, Ақ үй басшысы Канаданы 51 штат деп келемеждеген.

МЕЛАНИ ЖОЛИ, КАНАДА ИНДУСТРИЯ МИНИСТРІ:

Трамп оттай бермесін. Десе де, біз АҚШ Президентінің әлеуметтік желілердегі алып-қашпа әңгімелеріне дәл солай жауап бермейміз. Алайда, қасық қанымыз қалғанша ел тәуелсіздігі үшін күресеміз. Ұлы көлдер – Канаданың мақтанышы. АҚШ бір сүйем жер ала алмайды.

Сирия лаңкес-мемлекет деген айыптан арылды. Бұл туралы мемлекет басшысы Ахмед Аш-Шараа мәлімдеді. Оның айтуынша, тиісті жарлыққа Дональд Трамп қол қойған. Енді 13 жыл қанды қырғынға ұшыраған ел халықаралық қатынас пен саудада лайықты орнына ие болады.

АХМЕД АШ-ШАРАА, СИРИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:

АҚШ Конгрессінің тиісті шешім шығарып, Президент Дональд Трамп қол қойғаннан кейін 45 күн өтті. Біз де халықаралық терроризмге қатысымыз жоқ екенін дәлелдедік. Бізге құлақ асып, көмегін аямаған Президент Трампқа алғысымыз шексіз. Сонымен қатар, Америка басшысы инвестиция салып, елді қалпына келтіретінін де жеткізді.

Франция оңтүстігінде Торнадо шағын қаланы жайпап өтті. 39 адам ауыр жарақат алған. Жылдамдығы 117 шақырым/сғатқа жеткен дауыл 300 үйді ұшырып әкеткен. Елде қауіп сейілмегендіктен, бірнеше әуе рейстері кейінге шегерілді.