Қазақстанның айти саласының табысы тарихи межеден асты. Еліміз IT-қызметтер экспортынан алғаш рет 1 миллиард доллардан астам табыс тапты. Бұл - шикізатқа тәуелді емес «жаңа экономиканың» нақты жемісі. Цифрлық саладан түсетін орасан зор қаражаттың басым бөлігі Astana Hub халықаралық технопаркіне тиесілі. Резиденттердің экспорттық көрсеткіші 633 миллион АҚШ долларына жетіп, рекорд орнатты. Бүгінде аталған орталық 537 компанияның жобасын әлемдік нарыққа шығарып, отандық мамандарды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
БАУЫРЖАН ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИСТ:
Егер де біз осы стартаптарды оның ішінде оны экспорттайтын айти стартаптарды дамытатын болсақ, ол біздің қосымша қаражат әкелетін, екіншіден, қандай да бір басқа мемлекеттердің арасындағы кикілжің, қақтығыстарға тәуелсіз болуымызға, үшіншіден, біздің ғылымға салынып жатқан қаражаттың нәтижесін көрсететін осы аити саласы.