Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Күріш қауызынан жем мен биотыңайтқыш алуға болады

AstanaTV
07.03.2018ж. 20:00
7492
Күріш қауызынан жем мен биотыңайтқыш алуға болады

Күріш қалдығы кәдеге жарайтын болды. Ғалымдар осы уақытқа дейін қоқысқа тасталып келген қауызды биотыңайтқыш ретінде, тіпті малға жем ретінде пайдалануға болады деп отыр. Ал шаруа қожалығының иесі оны қайта өңдеп, малға азық дайындауды бастап кеткен. Тіпті биоотын шығаруға да болады деп отыр. Шарипа Сақтапова толығырақ.

Шаруа қожалығының иесі Дәулет Сәрсенбайдың айтуынша, қала сыртына қоқыс ретінде тонналап шығарылып жатқан күріш қауызы қоршаған ортаға зиян. Ал төкпеске амал болмай келді. Сондықтан шаруалар айыппұл төлеуге мәжбүр болды. Енді қауыз қайта өңделетін болады. Дәулет Сәрсенбай арнайы қондырғы орнатып, зауытта тәулігіне 10 тоннаға дейін қалдықты қайта өндеуді қолға алды. 

Дәулет Сәрсенбаев, шаруашылық жетекшісі:

Бұл күріштің қабығынын пайдасы - малдың асқазанындағы түрлі ауруларға, тамақтардың қорытылып кетуіне пайдасы бар екенін білдік. Сұраныс бар. Килограмы 10 теңгеден. Алдағы уақытта күріштің қабығы нан гранулалық отын шығару ойда бар. Қызуы сексеуілден кем емес. Ауылдық жерлерге, газ бармаған жерлерге тиімді деп ойлаймыз.

Кәсіпкерлер палатасының өкілдері күріш қауызының зияны жылдар өткен сайын еселенеді деп отыр. Өткен жылы облыста 530 мың тонна күріш жиналса, оның 100 мыңы - қауыз. 

Жасұлан Серіков, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:

Бағасы, әрине, қымбаттау. Германиянікі ең қымбат, 150 мың еуроның үстінде тұрады. 50 мың еуро көлемінде қытайлық. Бірақ бұл - инвестиция, дұрыс инвестиция. Біздің кәсіпкерлер палатасының атынан Астанаға кәсіпкерлер ұлттық палатасына ұсыныс жібердік. "Осындай қондырғылар қойған кезде 50 пайызға дейін субсидиялансын" деп біз ұсынысымызды тастадық. Күріш қауызын майдалайтын технология.

Ал қазақ күріш ғылыми зерттеу институты ғалымдарының өз ұсыныстары бар. Олар күріш қауызынан биотыңайтқыш дайындауға болатынын анықтаған. 

Серікбай Өмірзақов, Ы.Жахаев атындағы қазақ күріш ғылыми зерттеу институтының бас директоры:

Оны топыраққа сіңдіріп, топырақтын құнарлығын арттыру және осы шелуханы тиімді үтілдеу технологиясы жасалынып, қазір өндіріске енгізілуде. Осы технологияны сақтасақ, бір айдын ішінде 40-50 тонна күріштің қауызын тиімді үтелдеу арқылы біз органикалық мақсаттағы жаңа тынайтқыш алуға болады.

Ал әзірге шаруалар күріш қауызын далаға тастап жатыр. Басқа амал жоқ болғандықтан, айыппұл төлеуге мәжбүр.

Секcенғали Сейтенов, Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің бас маманы:

Рейд жүргізіп, «Қызылорда құрылыс НК» Камаз машинасы ұсталды. Оған айыппұл салынды, 25 айлық есептік көрсеткіш. 56 мың 725 теңге айыппұл салынды. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 217 бабының 1 тармағы 3 тармақшасына қалдықты бей-берекет тастағаны үшін қолданды. Қазіргі таңда осы мекеме сол жерлерді жер қойнауын тегістеумен айналысып жатыр.

Әдетте экологтар рейдке күріш жинау науқаны аяқталған соң шығады. Жаңа жоба енгізілсе, биыл тәртіпті бұзушылар саны азаяды деп сенеді.

Шарипа САҚТАПОВА