$458.87 €535.09 ₽5.42
×

Непалда зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ

27.08.2026ж. 07:39
Непалда зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ
Фото: NDTV

Непал мен Қытай шекарасы аумағында болған су тасқыны салдарынан зардап шеккендер мен хабар-ошарсыз кеткендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді.

Оның айтуынша, жағдай Сыртқы істер министрлігінің бақылауында.

Айта кетейік, Непал-Қытай шекарасында болған су тасқынынан кейін жүздеген турист жоғалып кеткен.