«Жолаушылар тасымалы» АҚ 1 қазаннан бастап алғаш рет Алматы – Ташкент халықаралық пойызының құрамында әйелдер вагоны қызметін іске қосады.
Компанияның мәліметінше, «Әйелдер вагоны» қызметін осы уақытқа дейін 946 мыңнан астам жолаушы пайдаланған. Алматы – Ташкент бағыты қосылғаннан кейін бұл қызмет қолжетімді халықаралық және ішкі бағыттардың жалпы саны 14-ке жетеді.
Әйелдер вагонында жеті жасқа дейінгі ұл балаларды бірге алып жүруге рұқсат етіледі. Билеттер тек әйелдерге сатылады, ал жолаушыларға әйел жолсеріктер қызмет көрсетеді.