Павлодар облысында 14 жыл бұрын болған қылмыс ДНҚ сараптамасы арқылы ашылды.
2012 жылы бау-бақша қоғамдастығының аумағында 62 жастағы әйел зорланып, өлтірілген. Сол кезде қылмыскерді анықтау мүмкін болмады. Бірақ істі ашу бойынша жұмыс жалғасты. Жедел қызметкерлер мен криминалистер істі қайта зерделеді. Тексеру нәтижесінде күдікті анықталды. Ол 1964 жылы туған, бұрын сотталған ер адам болып шықты.
ДНҚ сараптамасы оның қылмысқа қатысы бар екенін растады. Ер адам кінәсін мойындады. Ол ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Полиция өткен жылдардағы қылмыстар ашу бойынша жұмысты жалғастырады. Қылмыс жасаған адам заң алдында жауап береді.