Ақтөбеде туған анасын пышақтап өлтірді деп айыпталған мектеп оқушысының соты басталды. 17 жастағы жасөспірімге Қылмыстық кодекстің 99-бабы- адам өлтіру және 24-бабы- қылмысқа оқталу бойынша айып тағылып отыр. Сот отырысына айыпталушының өзі қатысқан жоқ. Қазір ол психиатриялық ауруханада ем қабылдап жатыр. Сот-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, жасөспірімге созылмалы шизофрения диагнозы қойылған. Қылмыс жасаған сәтте ол өз әрекетінің мәнін түсініп, басқара алмаған. Еске салайық, қайғылы оқиға былтыр 2-желтоқсанда болды. Сол түні мектептегі бейіндік пәндерді таңдау мәселесі отбасылық жанжалға ұласып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған.
Жасөспірім анасының химия мен биология пәндерін таңдауына қарсы болыпты. Осы мәселені талқылау үшін анасына барған. Алайда екеуінің әңгімесі ушығып, артынша жасөспірім анасына пышақ жарақатын салған. Әйел алған жарақатынан көз жұмды.Оқиға кезінде жасөспірімнің әжесі де жарақат алған. Аман қалған зейнеткер сотқа ұлымен қатысты.
ЕЛЬДАР ӘБИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ:
Шизофрения созылмалы психикалық бұзылу күйінде бола тұра, өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына, әрі оған ие бола алмай, басқа адамның құқығына қарсы қасақана қазаға ұшырату, қылмыстық құқытық ой-мақсатымен Тұрмышованың айтқан сөздерінен ашуланып, сол қолына сабы қара түсті пышақты алып, анасы Тұрмышованың ізінен басқа бөлмеге дейін қуып жетіп, есі дұрыс емес күйінде денесінің әр бөлігіне пышақтан жарақат салған. Нәтижесінде Тұрмышова оқиға орын алған жерде дене жарақатынан қайтыс болған.