$462.3 €538.07 ₽5.41
×

Қызылжарда мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент әкімдіктерді тексеріп, 450 олқылықты анықтаған

Қызылжарда мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент әкімдіктерді тексеріп, 450 олқылықты анықтаған

Қызылжарда мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент әкімдіктерді тексеріп, 450 олқылықты анықтаған. Құзырлы орган мемлекеттік мекемелер жұмысының ережеге сәйкестігін тексеріп, шенеуніктер құқығының сақталғанына мейілінше көңіл бөлген. Осылайша, 56 адамның мүддесі қорғалған. Сондай-ақ, шындыққа жанаспайтын мәліметтер де әшкере болды. Мәселен, аудан әкімдерінің бірі облыс әкіміне есеп беру кезінде жалған ақпаратты жариялаған. Сала мамандары оның ақ-қарасын зерттеп, ақпараттың шындыққа жанаспайтынына көз жеткізген. Бұдан бөлек, тағы бір аудан әкімі қарапайым атқамінерлерді шамадан тыс жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Осының салдарынан 10 ауыл әкімі таңертен ерте аудан жетекшісіне есеп беріп отырған.

БАХЫТ МАХАТОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тексеру барысында ешқандай тиісті бұйрық қабылданбағаны расталды. Одан басқа осы әкімдерге үстеме жұмыс үшін ақы төленбегені анықталған. Тексеру қорытындысы бойынша осы әкімдерге тиісті шаралап қабылданып, қосымша демалыс берілген.