×

Қазақстан жолдарында қаза тапқандар саны 2026 жылы азая бастады

Қазақстан жолдарында қаза тапқандар саны 2026 жылы азая бастады
Фото: depositphotos

Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының жалпы саны 4%-ға, жарақат алғандар саны 6%-ға азайған

2026 жылдың жеті айында Қазақстанда жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар саны 16%-ға қысқарды.

Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының жалпы саны 4%-ға, жарақат алғандар саны 6%-ға азайған.

Үкімет мәліметінше, бүгінде жолдарда 31 мыңнан астам автоматты бақылау жүйесіжұмыс істейді. Олардың көмегімен 5,7 млн құқық бұзушылықтың жолы кесілген.

"Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру құқық қорғау жүйесін құқық бұзушылықтарға әрекет етуден олардың алдын алуға біртіндеп бағыттап келеді. Цифрлық құралдар мен профилактикалық шаралар қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді, – делінген ҚР Үкіметінің хабарламасында.