$464.77 €541.36 ₽5.41
×

Астанада тағы бес автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгерді

Астанада тағы бес автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгерді
Фото: city transportation systems

Өзгерістер №1, №20, №70, №35 және №36 автобус бағыттарына қатысты

Астанада жол жөндеу жұмыстары мен жол қозғалысына қойылған шектеулерге байланысты бес автобус бағытының қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізілді.

Бұл туралы City Transportation Systemsкомпаниясы хабарлады.

Өзгерістер №1, №20, №70, №35 және №36автобус бағыттарына қатысты.

Жолдың жабық учаскелеріне байланысты аталған автобустар уақытша өзгертілген бағытпен қатынайды. Осыған орай кейбір аялдамаларда жолаушыларды отырғызу және түсіру уақытша жүзеге асырылмайды.

Қала тұрғындары мен қонақтарына сапарларын алдын ала жоспарлап, қоғамдық көлік қозғалысындағы өзгерістерді ескеруге кеңес берілді.