$464.77 €541.36 ₽5.41
×

Адасып кеткен қыздар құтқарылды

30.08.2026ж. 13:00
Адасып кеткен қыздар құтқарылды
Фото: видеодан скрин

Құтқарушылар Сатпаев шыңынан түсіп келе жатып адасып кеткен үш қызға көмек көрсетті.

Алматы қаласы әкімдігінің Мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары Сатпаев шыңынан 4317 метр биіктіктен түсіп келе жатқан үш қызға көмек көрсетті. Қараңғы түсуіне байланысты олар бағыттан адасып, жолды өздігінен жалғастыра алмаған.

Топтың орналасқан жері туралы ақпарат құтқарушыларға келіп түскен. Геолокация деректері арқылы мамандар қыздардың нақты координаттарын жедел анықтап, оларды іздеуге шықты.

Құтқарушылар туристерді тауып, қауіпсіз бағытпен «Эдельвейс» туристік базасының шлагбаумына дейін түсірді.

Қыздарға медициналық көмек қажет болмаған. Құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін олар қауіпсіз жерге жеткізілді.