Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қызылордада мұнай ұрлады деп айыпталып жатқандарға қатысты сот жалғасты

AstanaTV
12.03.2018ж. 20:00
2194
Қызылордада мұнай ұрлады деп айыпталып жатқандарға қатысты сот жалғасты

Қызылордада "мұнай ұрлады" деп айыпталған 21 адамға қатысты сот процесі жалғасуда. Атышулы іс бойынша бүгін куәгерлер тындалды. Олардың бірі мұнайды контрабандалық жолмен сыртқа шығару дерегі орын алғанын айтты.

Қырғызстаннан контракт алдық қой. Қолғабаевтан бір машина алды. Бір машина апарды деп естідім мен. Суммасын білмеймін. Мен бір миллион 280 мың Толик маған ақша берді. Бір көлік, басқасын білмеймін мен.

Еске салсақ, заңсыз мұнай саудасына қатысты қылмыстық іс бойынша 21 күдікті жауапқа тартылуда. Оның 12-сі қамауға алынған. Сегізі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен, біреуі кепіл түріндегі бұлтартпау шарасымен бостандықта жүр. Айыпталушылар арасында мұнай компаниясы қызметкерлері, кәсіпкерлер мен күзет фирмаларының өкілдері бар. Оларға мұнайды ұрлап, заңсыз саудалады деген айып тағылған. Ұйымдасқан қылмыстық топтың жұмысын құқық қорғау органдарының шенділері қалқалап келді деген дерек бар. Тергеу материалдары бойынша, қылмыстық топтың бірнеше мүшесіне «Жыланды қыр», «Қоныс» кен орындарынан, сондай-ақ «Тұзкөл-Құмкөл» мұнай құбырынан шикізат ұрлады деген айып тағылды. Ал келесі ұйымдасқан топ сол ұрланған мұнайды сақтау, сату сынды шаруаларды жүзеге асырған.