Бадминтоннан Нигерияның Лагос қаласында өткен Lagos International Badminton Classics 2026 турнирінде ұлттық құраманың көшбасшысы Дмитрий Панарин жартылай финалға дейін жетіп, қола жүлдегер атанды.
Отандасымыздың жарыстағы жолы:
Пранаув Рам Нагалингам (Үндістан) - 2:1
Сайду Алиуи (Нигерия) - 2:0
Шашаанк Сей Муннанги (БАӘ) - 2:0
Танкара Гнана Дату Таласила (Үндістан) - 1:2
Айта кетейік, 26-29 тамыз аралығында жалғасқан жарыста 24 елден 149 қатысушы сынға түсті.