Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қытайда президенттік мерзімге қойылған шектеу алынып тасталады

AstanaTV
12.03.2018ж. 20:00
2796
Қытайда президенттік мерзімге қойылған шектеу алынып тасталады

Қытайда президенттік мерзімге қойылған шектеу алынып тасталады. Яғни төраға елді бірнеше рет басқара алады. Бүкілқытайлық жиында депутаттар Ата заңға енгізілген өзгерістерді мақұлдады. Бұған дейін мемлекет басшысы мен оның орынбасары бес жылдық мерзімге екі рет сайланатын. Енді конституциядағы бұл бап алынады. Бұдан өзге 20 бапқа өзгеріс енгізілді. Шетелдік сарапшылардың болжамынша, бұл шектеуді алып тастау Си Цзиньпиннің 2023 жылы қайта сайлануына мүмкіндік береді. Ол Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы болып 2012 жылы сайланған. Ал 2013 жылдан бері Қытай Халықтық Республикасының төрағасы. Президент билігінің мерзіміне қатысты бастаманы жақында Компартия өкілдері көтерген. Өзгерісті халық та қолдап отыр. Мұны Қазақстандағы Қытай елшісі де жақсылыққа балады

Чжан Ханьхой, Қазақстандағы ҚХР Төтенше және Өкілетті елшісі:

Қоғам пікірі тыңдалды. Ол қарапайым халықтың тілегіне сай келеді. Егер біздің халық қолдаса, конституцияға өзгеріс енгізу ешқандай қиындық тудырмайды. Бұл - біздің ішкі мәселеміз. Әлемде ешбір ел араласуға және оны басқаша бұрмалап, түсіндіруге құқы жоқ.

Соңғы бірнеше жылда біраз іс тындырды, ол үнемі халықты, елді ойлайды, өз ісін жақсы атқарады. Жақында үкімет зейнетақы ретінде 500 юань береді. 

Егер Си Цзиньпин тағы екі мерзімге сайланып, Рузвельт секілді жемқорлықты жоятын болса, Қытай үшін жаман болмайды.