$464.77 €541.36 ₽5.41
×

Ұстазға гүл сыйлауға бола ма?

Ұстазға гүл сыйлауға бола ма?
Оқу-ағарту министрлігі

1 қыркүйекте ұстазға гүл сыйлау жақсы дәстүр. Алайда ол міндетке, жарысқа немесе артық шығынға айналмауы тиіс.

Ең бастысы гүлдің көлемі немесе бағасы емес, баланың ұстазына деген құрметі. Сондықтан гүл сыйлау әр бала мен ата-ананың ерікті таңдауы болуы керек. Білім беру ұйымдары гүл немесе сыйлық сатып алуға бастамашылық жасамауы, ақша жинауды ұйымдастырмауы және мұны ата-аналарға міндеттемеуі тиіс. Біздің мақсатымыз мектептегі алғашқы күнді даңғазасыз, жылы әрі тәрбиелік мәнде өткізу, балаларды ұстазды құрметтеуге, қарапайымдылық пен ізгілікке тәрбиелеу, – делінген хабарламада.