Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғызстанның Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды. Президент сапар барысында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының +» форматындағы кездесуге қатысады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына да қатысады деп жоспарланған. Мемлекет басшысын «Манас» әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.