$464.77 €541.36 ₽5.41
×

Алматыда қуыршақты 500 мың теңгеге саудалады

AstanaTV
31.08.2026ж. 19:00
Алматыда қуыршақты 500 мың теңгеге саудалады

Қуыршақ 500 мың теңге. Әлеуметтік желіде осындай хабарландыруды көрген жұрт дүрлікті. Қымбат қуыршақтың сатылымы туралы жазбаға алаңдаған тұрғындар мұның астарында сәби сату туралы ұсыныс болуы мүмкін деген болжам жасаған. Желіде тараған ақпараттан кейін Алматы полициясы тексеру жүргізіп, хабарландыру авторын анықтады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жазбаны психоневрологиялық есепте тұрған ер адам жариялаған. Алайда оның адам саудасына, соның ішінде жаңа туған нәрестелерді сатуға қатысы бар екенін растайтын ешқандай дерек табылмапты.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Оның адам саудасына, оның ішінде жаңа туған нәрестелерді сатуға қатысы бар екенін растайтын қандайда бір дерек анықталған жоқ. Осылайша баланы сату туралы ақпарат расталмады. Жарияланымда нақты қуыршақ сату туралы айтылған.