$464.77 €541.36 ₽5.41
×

Еліміздің бірнеше өңірінде «Әділет» партиясының «Мектепке нық қадаммен» әлеуметтік бастамасы ұйымдастырылды

Еліміздің бірнеше өңірінде «Әділет» партиясының «Мектепке нық қадаммен» әлеуметтік бастамасы ұйымдастырылды

«Әділет» партиясы Қызылорда облыстық филиалы «Мектепке нық кадаммен» әлеуметтік бастамасын ұйымдастырды. Партия белсенділері мен жақтастары игі іске жұмылып, үлес қосты. Облыс бойынша 700-ге жуық оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмке, киім-кешек пен аяқ-киім алынған. Оларды ұйымдастырушылар білім ордаларының өкілдеріне табыстады.

ЖАНДОС БАЗАРТАЙ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл дәстүрлі. Әр баланың мектепке даяр болу мәселесі, оларды әлеуметтік қолдау мәселесі. Жалпы балалардың бақытты болуы олардың мектепке даяр болып, сапалы білім алу мәселесі біздің партиямыздың әрдайым назарында.

Бастама Қостанайда да жалғасын тапты. Бастауыш сынып оқушыларына мектепке қажетті құралдар толы сөмкелер табысталды. Орталық саябақта арнайы  концерттік бағдарлама қойылып, балалар қуанышқа бөленді.

ГҮЛСАРА ЖАМАНҚҰЛОВА, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ӘЙЕЛДЕР ҚАТАНАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

1 қыркүйек әр бала үшін маңызды күн. Мен олардың тек білім алып қана қоймай достар тапқанын және білім алудың маңызын, салмағын түсінгенін қалаймын. Сондықтан да осындай акция ұйымдастырып, жаңа оқу жылы алдында балаларды бір сергітіп, қуантуды жөн көрдік.