$462.31 €536.09 ₽5.34
×

«Білім мен ғылым – әлемді өзгерте алатын ең басты күш», - Президент

«Білім мен ғылым – әлемді өзгерте алатын ең басты күш», - Президент

Білім мен ғылым - әлемді өзгерте алатын ең басты күш. Елімізде бұл бағытта ауқымды реформалар жүзеге асырылуда. 2019 жылдан бері білім мен ғылым саласын қаржыландыру үш есеге артты. Зерттеу университеттері көбейіп, оқу орындарының дербестігі өсті. Жаңа «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң қабылданып, Президент жанынан Ғылым мен технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылды. Мемлекет тарапынан ғалымдарға, әсіресе талантты жастарға қолдау күшейді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазір ғылымға арқа сүйеген мемлекеттер әлемнің даму көшін бастап тұр. Біз сол елдердің қатарына қосылу үшін ғылымға айрықша мән беруіміз керек, яғни ғылымды қарқынды дамудың төте жолы ретінде қарастыруымыз керек.