$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Әр министрлік 20 мың грант туралы нақты ұсынысты бір жетінің ішінде тапсыруы қажет - Е.Сағадиев

AstanaTV
13.03.2018ж. 20:00
2722
Әр министрлік 20 мың грант туралы нақты ұсынысты бір жетінің ішінде тапсыруы қажет - Е.Сағадиев

Әр министрлік 20 мың грант бойынша нақты ұсыныс беруі тиіс. Бұл туралы бүгін  Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты. Министр, жобаға сәйкес 11 мың грант техникалық мамандыққа, 5 мың грант басқа мамандықтарға, 3 мың грант магистратураға және 1 мың PhD бағыттарына бөлінеді, деп отыр.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

Біздің ойымызша, осы гранттардың саны мамандық бойынша алдын ала барлық министрлікпен келісіп, жоба ретінде бір айдың ішінде жариялануы қажет. Халық мұны күтіп отыр. Сосын бюджеттік процестер бюджеттік заңға өзгерістер, нормативтік актілер, оның бәрі тиісті уақытымен болады. Сонымен әр министрлік осы 20 мың грант туралы нақты ұсынысты 1 жетінің ішінде тапсыруы қажет.

Сондай-ақ президент бастамасымен жатақхана құрылысын салу жобасы таныстырылды. Механизмі университет не болмаса құрылыс компаниясы жатақхана салатын болса, онда ол пайдалануға берілген күннен бастап, белгілі кезең ішінде бір орын үшін мемлекеттік ай сайын субсидия төленіп отырады. Министрлік бір жатын орынға жыл сайын орташа 200 мың теңге көлемінде 8 жыл бойы мемлекеттік субсидия төлеуді ұсынысып отыр.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

Егер осы құрылысты мемлекеттік бюджеттен салсақ, 5 жылдың ішінде 225 млрд теңге жарататын боламыз. Ал ұсынылып отырған механизмге сәйкес мемлекеттен тек қана 29 млрд теңге ғана жұмсалады.