Таяу Шығыстағы шиеленістің жаңа кезеңіне байланысты 2 қыркүйекке қараған түні Дубай халықаралық әуежайында 90-нан астам рейс кешіктірілді.
109 рейстің әуежайға қонуы кейінгі уақытқа ауыстырылды. Абу-Дабидегі халықаралық әуежайда да бірқатар кідіріс тіркелді. Атап айтқанда, 43 рейс ұшып шығу бойынша және 24 рейс келу бойынша кешіктірілді.
Бұған дейін АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) АҚШ-тың Иран аумағына жаңа соққылар сериясын жасағанын хабарлаған болатын. Press TV мәліметінше, елдің оңтүстік жағалауында, соның ішінде Кешм аралында және бірнеше қалада жарылыстар болған.
Өз кезегінде Ислам революциясы сақшылар корпусы Бахрейн, Кувейт, Иордания, Ирак, БАӘ аумағындағы америкалық базаларға жауап соққыларын жасаған.