$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Өзгермейтін ауғаныстан... «ауған жауынгерінің» мұңы

AstanaTV
20.02.2016ж. 20:00
6797
Өзгермейтін ауғаныстан... «ауған жауынгерінің» мұңы

Ауғаныстанның геосаяси жағынан орналасуы – Еуразияның дәл кіндігінде, Оңтүстік және Орталық Азияның түйіскен жерінде, оны жүздеген жылдар бойы әлемнің жетекші елдерінің ұлттық мүдделері бір-бірімен бетпе-бетпе келетін бүкіл Орталық Азия аймағындағы әскери-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етудегі негізгі нүктелердің бірі етеді. Мысалы, Ресей мен Британия арасында Ауғаныстанға бақылау орнату үшін күрес 19-ғасырдан бастау алады. Ол тіпті тарихта «Үлкен ойын» (The Great Game) деп аталған...


 «Ауғаныстан» тақырыбы өте  күрделі. Біздің материал 15-ақпан әскер  шығарылған күнге орай. Біз ол соғыстың солдаттарына бұйрықты орындағандар деп қарауымыз керек. Оларға «соғысқа неге бардың», «мен үшін соғысқан жоқсың» деген сөздер айту, жұмсартып айтқанда дұрыс емес. Олар онсыз да ажалды көзімен көріп келді, денсаулықтарынан айырылды. Олар онсыз да не үшін соғысқандарын білмей қалған, іштерінің бәрі жара жандар. Біздің кейіпкер сол соғысқа 25 жасында, аға лейтенант шенінде барған... Айгүл Ермахан жалғастырады.

 Тарих жылнамасындағы  зұлматтың бірі -Ауған соғысы. 1978 жылы Ауғаныстанда халықтық демократиялық партия төңкеріспен билікке  келді. Нұрмұхаммед Тараки бастаған жаңа үкімет КСРО-мен ынтымақтастық туралы шартқа қол қояды. Ауған билігі осыдан кейін жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, кеңестік мамандары көбірек тарту, жергілікті көшпелі тайпалардың әдет - ғұрпымен санаспау сияқты әрекеттерге бара бастайды. Бұл халықтың наразылығын тудырды. 1979 жылы Тараки Хафизулла Аминнің қолынан қаза табады. КСРО Аминнің билікке келуінен қауіптеніп Ауғанстанға әскер енгізеді.

Отан алдындағы борышын орындауға барған, әрі сол кездегі мемлекетке сенген жігіттер  сол  саяси ойынның құрбанына айналды.

Мұрат Әбдішүкіров,  Ауған соғысының ардагері:

Ауғаны соғысына Қазақстаннан 22 мыңнан астам қазақстандық қатысты. Олардың 924-і қаза тауып, 19-ы хабар-ошарсыз кеткен, мыңдаған жігіт елге мүгедек болып оралды. Сондықтан біз бұл соғысты оңайлықпен ұмыта алмаймыз.

Ауған соғысыбаласын, бауырын майданға шығарып салған отандастарымыздың да, қанды қырғынның ортасынан оралған сарбаздардың да жүрегінде жара болып қала бермек. Солардың қатарында  аға лейтенант шенінде аттанған – Әлімжан Ерниязов бар. Ол  1980 жылдың желтоқсанында Ауған жеріне кірді. Бастапқыда лейтенант, взвод командирі болған азамат 1981 жылдың қаңтарында рота тізгінін қолға алады.

Әлімжан Ерниязов,  Ауған соғысының ардагері, генерал-майор:

Біздің елімізге іргелес елді біз болмағанда американдық кіріп кетер еді. Амин деген президенты проамериканский болды. Еңді біз кірмегенде ол жерге американдықтар кіріп кетер еді союздың кезінде. Ал ол дегеніміз ракеталары, басқалары мынау біздің елімізге қауіп төнетін еді.

Шекараны шегендеуге ол барын салды.Бірде кеңес әскерідұшмандар  жарып кеткен көпірден өте алмай тосылады. Кенет  пулеметтен оқ жауады.

Абзал Темешов,Ауған соғысының ардагері:

 Сол бір уақытта Әлімжан Ерниязов жүгіріп келіп, менің тұрған БМП позияциясын ыңғайлап алған болуы керек операторды  былай тұр деп өзі отырып бір-ақ снаряд пен күл талқанын шығарады ғой. Бұл жігітті айтайын дегенім адамгершілігі командирлік қабылеті, қару жарақтың бәрін жақсы біледі. Жігіттердің бәрі сыйлайды. Ол үшін кеудесін бәрі оққа тосуға дайын болатын.

Әлімжан  Ерниязов,  Ауған соғысының ардагері, генерал-майор:

Қарасам тримплекстан бір дұшман гранатометын анау атып жатқанда мен көрдім. Гранатасы келіп келіп, мынадай артына тиіп, бронясын, басқасын БМПны тесіп өтеді. Мына жақтанда, мына жақтанда дұшмандар бізге қарай жүгірді. Наводчик-оператор пулеметпен, пушкамен, ал біз жердін жаңағыларды бір қайтардық та.Ол жерде біз жаң сақтай алмаймыз. Қарасам 200 метрдей жерде үлкен өзбектердің үйлері бар ғой дуалдары мынадай - соңдай бір үй тұр екен. Соған біз барып, бәрің орнатып болғанда аналар тағы да келіп сол сағат тоғыз жарымда басталған сол шайқас кешкі сағат беске дейін өзімізді-өзіміз қоршап, қорғап қалдық.

Совет әскері Ауғаныстанды 1989 жылы  тастап шықты. Мыңдаған адам ажал құшып, жүздеген  солдат іс-түссіз жоғалды.  Ауғаныстандағы соғыс Кеңес Одағына даңқ та, абырой да бермеді,-дейді сарапшылар.  Бұл оқиғалардың тәжірибесі  әрбір ел ішкі мәселесін өз адамдарының пайдасы мен игілігі үшін өздері шешуі қажеттігін ұқтырды. Ауғаныстанға қараңыз -ешнәрсе өзгерген жоқ - сол баяғы терроршылар, сол баяғы есірткі бизнесі, сол баяғы жоқшылық.

Расул  Жұмалы,  саясаттанушы:

Қандай бір саяси араласу әскери  күштік жолмен бұл елдің ішкі істеріне арласу айналып келгенде сол мемлекеттердің өзіне абырой әкелмейтіні анық. Қайсысы болса да жеңіліске ұшырады. Нато әскерлері де, Совет одағының әскерлері де, Ұлыбританияның да  Ауғаныстанды жаулап алуы мүмкін емес. Бір ғана қолдан келетін нәрсе оның ішінде көршілес мемлекеттер Орталық Азия арқылы бізге де сол маңызды Қазақстан үшін шама щарқынша көмек көрсету бұны енді Қазақстан мүмкіндігіншге жасап отыр. Білетін шығарсыздар, астық жіберіп, студенттерін Қазақстанда оқытып бұл біздің саяси тікелей мүддеміз. Себебі Ауғаныстандағы жағдай осылай қиын бола беретін болса, әрине ол Орталық Азия аумағына да өзінің кері ықпалын тигізеді. Қауіпсіздікке өте зор нұқсан келтіреді.

Ал борышын өтегендердің әлеуметтік жағдайы бүгінде мәз емес. Баспанадан мұқтаждық көріп, есік сығалаған ардагерлер де жетерлік.

Абзал Темешов,  Ауған соғысының ардагері:

Ешкім тексеріп жатқан жоқ, очередь қалай тұр оны кім алып жатыр. Бұрын  әр ауданның өзінің кезегі болатын. Соңғы жылдары алып, Алматы қаласын қосып, ортақ тізім жасады.  Әлгі жақындап тұрған жігіттердің өзі артқа жылжып кетті.

Бұл аздайбүгінде ел аузынан  "Ауған ардагерлері басқыншы" деген қаңқу сөзді жиі естиміз.

Абзал Темешов,  Ауған соғысының ардагері:

Бізді басқыншы, кісі өлтірді дейді. Мұның бәрі енді көздері көрмегеннен кейін үйде отырған соң бәрі оңай болып көрінеді ғой. Ал ол уақытта біздің Отанымыз біреу болатын, Советтер одағы.

Расул  Жұмалы, саясаттанушы:

Бұл мәселенің екі жағы бар.  1979 жылы Кеңес әскері Ауғаныстанға басып кірген болатын. Кәдімгідей оккупация агрессия акциясы болды.  Бұл қай жағынан алғанда халықаралық заңға қайшы. Өрескел, озбыр әрекет болды. Сол басқыншы саясатынан Мәскеу  әлі айыққан жоқ. Украинада болсын, Сирияда болсын жалғастырып жатыр. Бірақ  Кеңес  одағының әскерінің құрамында қазақстандық офицерлерді ешбір кінәлаудың реті жоқ. Керісінше, борышын қиын жағдайда өміріне  қауіп төніп тұрған жағдайда тәуекелге бел буған  азаматтарды біз ескеруіміз керек. Оларға тиісті мемлекеттік көмек, материалдық рухани көмек көрсетуіміз керек.

Тіпті алып-қашпа әңгіме  ауған жерінде иық тіресе күрескен азаматтарды да қажытып, араларын суытқандай.

Абзал Темешов, Ауған соғысының ардагері:

Республикалық ауған соғысы ардагерлерінің қауымдастығы бар.  Енді осының астына жинала  алмай отырмыз. Білмеймін әлгі сол ұйым басшыларының личный амбициясы ма? 7 облыстың ұйымдары кірді. Бәрі бір бас қосып жоспар жасап, сұрақты Үкіметтің алдына қойып оны талап етудің өзі өнер. Оны қоя алуымыз керек. Сонда ғана құлақ асып түсініп жағдайға бір шешімге келетін шығар.

Түйіні оңайлықпен тарқатылмайтын түйткілді мәселелер  онсыз да соғыс даласында жүйкесі тозған жандарды сенделткендей.  Саулығына шипа беретін госпиталь қалада біреу ғана. Оның өзі мардымсыз ем-дом көрсетеді... 

Қазіргі  жағдайда ішкі ауызбіршілікті нығайту маңызды. Отаншылдық сезімді  ұрандармен еге алмайтынымызды түсінуіміз керек. Ал ауған соғысының ардагерлері кеңес армиясының сапында қызмет етсе де, "ОТАН" ұғымының, АНТ-тың қадір-қасиетін көбімізден артық түйсінеді...

Айгүл Ермахан,  Шарипа Сақтапова,  «Біздің уақыт».